Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Хаттама №

күні: 15.05.2018 ж.

Тақырыбы: Білімді ұлт — білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы

Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.

Ата-ана жиналысы Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) арналады. Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады.

Қоғамның негізгі элементі ретінде отбасы тұрақтылық пен даму факторы қалып отыр. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі.

Өткізу форматы: жалпы мектептік ата-аналар жиналысы және білім деңгейлері бойынша ата-аналар жиналысы.

Қатысушылар: ата-аналар.

Ата-аналық жиналыстың күн тәртібі мәселелері:

  1. «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері;
  2. мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру;
  3. 9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;
  4. оқу процесін цифрландыру;
  5. мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.

Бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жетістіктері туралы психолог Шамилова Б.А.тоқталып кетті. Қазақстан бастапқы білім беруді қамту бойынша әлемнің 137 елі арасында 4-орын алды.«Адами даму индексі» рейтингінде Қазақстан 188 мемлекеттің ішінен 56-орынды иеленіп отыр.3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту  90,5% құрайды.Беделді халықаралық олимпиадалардың қорытындылары бойынша  мектеп оқушылары арасындағы Қазақстанның құрама командасы әлемде 10-орынды алады.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаты - біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру ғұрпы болып табылады. Рухани жаңғыру бағдарламсының бағыттарына тоқтылып кетті. Оның ішінде «ОТАНЫМ — ТАҒДЫРЫМ» базалық бағыты. «ӨЛКЕТАНУ» базалық бағыты.«САНАЛЫ АЗАМАТ» базалық бағыты.

9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау. Оқу жылының қорытындылары, жыл бойына оқушылардың алған жетістіктері туралы, білімдері туралы, жаңа оқу бағдарламасының тиімділігі туралы айтылды.

9 сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімде өткізіледі:

  1. таңдаған пәні Қазақстанның тарихы бойынша ауызша емтихан — 2018 жылғы 28 мамыр;
  2. қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша ауызша емтихан — 2018 жылғы 31 мамыр;
  3. ана тілі мен әдебиеті бойынша (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтихан — 2018 жылғы 5 маусым;
  4. математика бойынша жазбаша емтихан — 2018 жылғы 8 маусым.

Оқу процесін цифрландыру.

Мектептің оқу процесін цифрландыруды дамытуға ата-аналарды тарту туралы «Информатика» пәнінің мұғаліміне,  «Білім Lend» және «Күнделік» жайлы сөз беру.

Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту және мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметі.Отбасылық дәстүрлердің қайта өркендеуі — жалпыұлттық идея. Отбасы — баланың жеке тұлғасын әлеуметтендірудің алғашқы институты, оның үлкен ересек әлеміне кіруі бойынша алғашқы қадамы. Бүгінгі таңда оң отбасылық дәстүрлерді қайта өркендету, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесімен алмасу ҚР тәрбие жүйесінің маңызды міндеті болып табылады.

Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

  • білім беру мекемелерінің шоттарына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына, білім алушылар құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
  • білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды әзірлейді;
  • білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді және білім беру ұйымы басшысының есептерін тыңдайды;
  • білім беру ұйымдарының қызмет мәселелері және т.б. бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады.

Дата публикации: 15.05.2018